Бюро туралы

ШЖҚ «Облыстық патологоанатомиялық бюросы» МКК

Патологиялық анатомия кафедрасы мен жекелеген патологоанатомиялық бөлімшелердің базасында Ақтөбе қаласында 1997 жылы Ғылыми практикалық патологоанатомиялық орталық ашылды, 2 жылдан кейін Облыстық патологоанатомиялық бюросы болып қайта құрылды. Мекеме жұмысының алғашқы күндерінен ақ бейінді іс шаралар кешенімен қатар практикалық медицинаның бірқатар маңызды міндеттерін атқаруға, әртүрлі бейінді дәрігерлердің клиникалық біліктілігін арттыруға бағытталған.

Қазіргі уақытта патологоанатомиялық бюроның 5 құрылымдық бөлімшесі (жалпы патология, жұқпалы аурулар патологиясы, балалар патологиясы бөлімдері, АМО жанындағы бөлім және цитология бөлімі) бар.

Осы жерде қалыптасқан ғылыми және кадрлық әлеует – көптеген тамаша дәрігерлердің жан-тәнімен беріле істеген кәсіби қызметтерінің жемісі. 1997-2005 жылдар аралығында бюро басшысы болған медицина ғылымдарының докторы, профессор Саламат Гумарович Ахметкалиев патологоанатомиялық бюроның қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосты. Одан кейін ОПАБюроны медицина ғылымдарының докторы, профессор Ақзия Намазбайқызы Жұмабаева басқарды. Ақзия Намазбаевна Денсаулық сақтау жүйесіндегі практикалық, педагогикалық және ұйымдастырушылық жұмыстарға 45 жылдай уақытын арнады. 2013 жылдан осы уақытқа дейін патологоанатомиялық бюросына медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігер-патологоанатом Гүлзат Әлібиқызы Қазбекова жетекшілік етуде. Қазіргі таңда ұжымда 18 дәрігер, 30 лаборант және 19 кіші медицина қызметкерлері қызмет атқарады. Барлық қызметкерлер үнемі білімін жетілдіру курстарында дәріс алады, емдеу мекемелерінің клиникалық-анатомиялық конференцияларына, ғылыми конференциялардың жұмысына және семинарларға қатыса отырып кәсіби біліктіліктерін арттырып отырады. Мекеме қызметінің сапасын арттыру мақсатында бюроның барлық бөлімдері компьютерлермен, қазіргі заман жабдықтарымен жасақталған, цито- және гистопрепараттарды дайындау техникасы мен методикасы жетілдірілген, бұл өз кезегінде диагностикалаудың сапасына оң әсерін тигізді.

Патологоанатомиялық қызметтің көпсалалығы бюро басшысын мекеме қызметі барысында қызметкерлердің шеберліктерін кеңінен және әр тарапты шыңдауға бағыттайды. Осыған байланысты сүт безі, асқазан, жатыр мойны, қуықасты безінің қатерлі ісіктеріне скрининг жүргізу үшін қазіргі заман жабдықтарында орындалатын инновациялық технологиялар енгізілген. Бюро әкімшілігінің барлық жұмысы бюроның кәсіподақ ұйымымен тығыз байланыста жүреді. Бюроның кәсіподақ ұйымын көптеген жылдар бойына балалар патологиясы бөлімінің меңгерушісі Р.Р.Буркутова басқарады. Мұндай тандем ұжымда тілектестік қарым-қатынас орнатады, яғни түрлі көлемдегі барлық іс-шаралар татулықта өткізіліп отырады және әр қызметкердің әлеуметтік қорғалуына мүмкіндік береді.

Диагностикалық қызметтердің уақтылы көрсетілуі, сапалылығы, қол жетімділігі және сабақтастығы бюро қызметінің негізгі басымдықтарының бірі болып табылады.


price

Экран дикторы